Қазақстандық А.Байқұлева самбо бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айгүл Байқұлева самбо бойынша әлем чемпионатында күміс иеленді.

Қазақстандық спортшы Айгүл Байқұлева Мароккода өткен спорттық самбода әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

48 келіге дейінгі салмақ санатында өткен финалда Байқұлева Венесуэлалық Мария Гедестен - 0:1 есебімен ұтылды, деп жазады спортс.кз.