Қыздар арасындағы 6 шақырымдық спринтерлік жарысты норвегиялық спортшы Каролин Эрдаль жеңсе, екінші болып оның отандасы Эмили Огхейм Калкенберг келді. Қола жүлдені Украина спортшысы Анна Кривос жеңіп алған.
Қазақстандық Арина Пантова алтыншы болып келді. Евгения Красикова 16-шы, Дарья Слепенко - 69-шы, Изабелла Парманова - жарысқа қатысқан 91 спортшының ішінде 77-ші болып келді.