Ж.Айбасов бұл қуанышты хабармен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунт арқылы бөлісті. «КиноШок біздікі! Осы жобамен жұмыс істегендердің барлығына рахмет!» - деп жазды актер.
Жандос Айбасов Сәкен Жолдастың «Он и она» фильміндегі рөлінен кейін ерекше танымал болды. Одан кейін актердің фильмографиясы «Қазақша тонау», «Кенже» фильмдерімен және танымал америкалық «Марко Поло» сериалындағы жұмысымен толықты.
«Кенже» картинасы режиссер Е.Тұрсынов трилогиясының соңғы бөлігі болып табылады. Одан басқа, трилогияға атышулы «Келін» фильмі және «Шал» кинокартинасы кіреді.
2013 жылы «Шал» картинасы «КиноШок» фестивалінің бас жүлдесін, ал бас рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов «Ең үздік ер адам рөлі» аталымында сыйлық алғанын айта кеткен жөн.