Айта кетейік, «Дарак ыры» - мюзикл жанрында түсірілген Қырғызстанның алғашқы кинотуындысы.
«Менің парақшамның тұрақты көрермені білер, күзде Қырғыз елінің ең алғашқы тариxи «Дарақ ыры» атты мюзиклінде басты рөл бұйырды. Мен үшін бұл толық метражды кинода алғашқы қадамым болды, және сол себепті өзіме өте ыстық! Маған сенім артып, шақырғандары үшін бүкіл ұжымға алғысымды білдіремін! Чоң раxмат!», - деп жазды Бақаева Инстаграмдағы парақшасында.
Фильм сюжетіне ерте заманнан бүгінгі ұрпаққа жеткен қырғыз аңызы негіз болған. Картинадан XVIII ғасырдағы қырғыз халқының дәстүрін, мәдениетін, ән-жырларын тамашалауға болады. Аталған туынды 1 наурыздан бастап, Қырғыз елінің кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, тарихи мюзикл саундтрегін қырғызстандық әнші Жұлдыз Осмоналиева және ТМД аумағына белгілі «Город 312» тобының әншісі, Бішкекте туып-өскен Светлана Назаренко орындаған.