Қазақ Географиялық Қоғамы «7 шың 2 Полюс» халықаралық альпинистік бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыруда.
11 ақпанда, Қазақ Географиялық Қоғамының - «7 шың» бағдарламасын орындау барысында, Андрей Алмазов Австралияның биік нүктесі Косцюшко (2228м) тауын бағындырды. Алмазовтың айтуынша, шыңды бағындыруға бірнеше сағаттар кеткен. Косцюшко шыңы Оңтүстік Жаңа Уэльс штатында орналасқан ұлттық парктің аумағында орналасқан.
«Косцюшконы бағындыру - бұл алдымен Жасыл құрлықпен танысудың және әлемнің басқа бір бұрышын аяқ басудың сәті. Аталған жобада ҚазГео командасының мүшесі атану үлкен бақыт», - дейді тау гиді және саяхаттаушы Андрей Гундарев.
«7 шың 2 Полюс» халықаралық альпинистік бағдарламасы аясында Қазақ Географиялық Қоғамының командасы төрт шыңды бағындырып үлгерді.
Олар - Оңтүстік Американың ең биік шыңы - Аргентинадағы Аконкагуа, Еуропаның ең биік нүктесі - Эльбрус, Антарктидадағы ең ауыр шың - Винсон, Австралияның ең биік тауы - Косцюшко.
Енді қазақстандық топқа Эверест, Маккинли мен Килиманджароны бағындыру ғана қалды.
Сонымен қатар 2015 жылы Солтүстік полюске, 2016 жылы Оңтүстік полюске шаңғы экспедициясы сәтті аяқталды.
«Қазақ Географиялық Қоғамы Қазақстан Туын барлық құрлықтағы жеті шың мен екі полюске жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. Аталмыш бағдарламаға қатысып отырған спортшылар үшін әлемді көру және Қазақстан атын танымал ету мүмкіндігі беріліп отыр», - деді ҚазГео қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлан Әбдуов.