Қазақстандық альпинистер Тянь-Шань тауында жоғалған әріптестерін іздеуге аттанбақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан альпинистері Тянь-Шань тауында жоғалған әріптестерін іздеу үшін атанбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 13-20-да Алматыоблысындағы Қарқара базалық лагеріне біліктілігі жоғары 3 қазақстандықальпинистен тұратын топ жеткен. Альпинистерді Қырғыз Республикасына жеткізуүшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазавиақұтқару мекемесінің МИ-171тікұшағы дайын тұр.

«Қазақстандық альпинистердің құтқару операциясы ауа райыжақсарғаннан кейін басталады. Қазіргі уақытта Тянь-шань тауының төменгібаурайында жаңбыр жауып, биік беткейлерінде қар түсіп жатыр. Сонымен қатарбірлескен іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қырғыз альпинистер тобы да дайын», -деп атап өтеді комитеттен.

Бұған дейін, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліАйбек Смадияров Қырғызстан тауларында қиын жағдайға тап болған Қазақстанальпинистері туралы айтқан болатын.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларындажоғалған болатын. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандықальпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылықбілдірді.

Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтікжелі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады.

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Соңғы жаңалықтар