Қос сайыс қорытындысында Зайчиков 375 келіні еңсерді (168 207). 395 (181 214) келіні бағындырған ресейлік Александр Иванов бас жүлдеге қол жеткізсе, үшінші орынды 372 келі (161 211) көрсеткішімен америкалық Кендрик Джеймс Фаррис иеленді.
19:04, 12 Шілде 2013
Қазақстандық Александр Зайчиков - Универсиаданың күміс жүлдегері
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қазандағы Универсиадада қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.