АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының мүшесі Алексей Луценко «Париж - Ницца» көпкүндігінде бесінші кезеңнің жеңімпазы атанды.
Бесінші кезеңде спортшылар 198 шақырымды жүріп өтті. Мәреге 28 шақырым қалғанда, алда кетіп бара жатқан Антуан Дюшенді қуып жеткен А.Луценко содан кейін ешкімге дес бермей, мәре сызығын жекедара қиды.
«Париж - Ницца» көпкүндігінде жалпы есепте қазақстандық велоспортшы екінші орында келеді.
Жиырма үш жастағы А.Луценко Солтүстік Қазақстан облысында туып-өскен. 2013 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында топтық бәсекеде әлем чемпионы атанған. Сол жылы «Астана» командасының құрамына алынған Алексей сондай-ақ Азиада чемпионы атанып, екі мәрте «Алматы туры» жарысын ұтқан.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлауынша, бұл - А.Луценконың әзірге ең жарқын жеңісі. Ол Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).