Қазақстандық алты боксшы финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровскідегі Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдің финалына алты қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бүгін Ташкентте ауыр салмақтағы Иван Дычко Сидней Джаксонның мемориалында жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал кеше Шкодер қаласында (Албания тағы бір халықаралық турнир басталды, оған да қазақстандық ұлттық құрама мүшелері қатысудва.

Сонымен бүгін Хабаровскіде жартылай финалда Нұржан Бекзатов (91 келіден жоғары) 2:1 есебімен Азия чемпионатының қола жүлдегері ирандық Делавари Ясемадан басым түсіп, Коротков мемориалының финалына шықты.

Ертең Қазақстан құрамасында бірінші орын үшін ұрысқа Жомарт Ержан (49 келі) шығып, Ресейдің бірнеше мәрте чемпионы Василий Егоровпен, Әділет Құрметов (52 келі) ҚХДР-дан Ли Чунг Лимен, Айдар Әмірзақов (54 келі) - ресейлік Виктор Миргородпен, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) - ирандық Арагидалг Яхангирмен, Дәурен Елеусінов (81 келі) - Еуропа чемпионы ресейлік Никита Ивановпен, Нұржан Бекзатов (91 келіден жоғары) - венгрлік Иштван Бернатпен қолғап түйістіреді.

Бүгін жартылай финалда әзербайжандық Тұрал Ахмедовке ұтылған Ержан Ордабаев (56 келі) тағы бір әзербайжандық, Алматыдағы әлем чемпионатына қатысушы Парвиз Багировтен жеңілген Сағадат Рахманқұлов (69 келі), украиндық Сергей Радченкодан ұтылған Антон Пинчук қола медальдарды қанағат тұтты.

«Влазинді еске алу» дәстүрлі турниріне де жаттықтырушы Александр Стрельниковтың басшылығымен тағы бес ұлттық команда мүшелері - Біржан Жақыпов (49 келі), 2013 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ерлан Тамемов (52 келі), осы чемионаттың финалисі Жанболат Тілегенұлы (56 келі), Алмасбек Шымбергенов (64 келі) және ҚР чемионатының қола жүлдегері Алексей Севостьянов қатысуда.