Қазақстандық «Алыстан жазылған хаттар» көркем фильмінің премьерасы әзірленуде

None
БІШКЕК. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте қазақстандық «Алыстан жазылған хаттар» көркем фильмінің премьерасы әзірленуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қырғыз астанасында жақында премьерасы өтетін бұл фильм кеңестік кезеңнен бергі ынтымақтастықтың бай тарихы бар қазақстандық және қырғыз кинематографистерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Жаңа лентаның режиссері қырғызстандық Бақтияр Сейітқазымов, атқарушы продюсері Максим Мироненко. Қазақстандық тараптан бұл жобаға актерлерден басқа оператор Алмас Неділданов пен сценарий авторы Эрик Ыбыраев қатысып отыр. Жобаны жүзеге асыруға қазақстандық танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов қолдау көрсетті.