НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас Instagram желісінде кезекті кездесуіне жолдама алғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі парақшасының stories бөлімінде қазақстандық спортшы UBO International титулы үшін жұдырықтасатын келесі айқасы жайында хабарландыру жариялады.
Жекпе-жек 17 қыркүйекте Алматыда өтеді, қарсыластың есімі әлі белгісіз.
Айта кетейік, Лукас кәсіпқой бокс мансабында бір жекпе-жек өткізген: өткен жылдың желтоқсанында Нұр-Сұлтанда украиналық боксшы Светлана Василевскаяны жеңген болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.