Қазақстандық әнші әлемдік жұлдыз Бейонсенің әндерін қайта орындады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «X Factor Қазақстан» жобасының жеңімпазы Дария Ғабдул @dariya_gabdull «Арыстан Патша»/«Король Лев» кинотуындысында Бейонсенің дауысын салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анимациялықклассиканың кинонұсқасы Қазақстанда қазақ тілінде де шықты. Фильмгесаундтректерді әлемге әйгілі орындаушы Бейонсе орындаса, қазақ дубляжындаэстрадалық әнші Дария Ғабдул шырқады.

Бұл Дарияныңекінші қадамы.

2012 жылы ол«Батыл жүрек» фильмінің кастингіне қатысқан болатын. Бірақ сынақтан өтпейқалған екен.

«Бұның жақсытұстары да бар. Ол кезде дубляждау дегенқандай күрделі үдеріс екендігін түсінбеппін. Студиядағы барлық жұмыс бірсағатқа созылды. Менің алдыма 60 минут ішінде екі саундтректі орындау міндетінқойды - бұл оңай шаруа емес. Экранда көріністі эмоционалды, интонациямен, дауысбояуларымен аяқтау өте қиын», - деді әнші.

Дария – Бейонсешығармашылығының жанкүйері.

«X FactorҚазақстан» тыңдауында ол әншінің репертуарынан ән шырқады.

«Менің ойымша,Бейонсе ең үздік орындаушылардың бірі, соңғы жылдардағы музыкалық әлемденегізгі фигура. Оның ән орындау мәнері техникалық жағынан ең күрделілердің бірісаналады. Бейонсенің әнін қайталап айту қиынның қиыны. Маған қажетті уақыттакеректі жерден табылу бақыты бұйырды. Бейонсені дәл менің дубляждауым – мен үшін бақыт», - деді ол.

Фильм BI Groupкомпаниясының демеушілік қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан»компаниясының «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған болатын.

«Өзіңнен баста»жобасы - коммерциялық мақсаттарды көздемейтін әлеуметтік жоба, жекеқазақстандық компаниялар мен меценаттардың демеушілік қолдауымен жүзегеасырылады. 9 жыл ішінде қазақ тіліне 31 Голливуд кинотуынды дубляждалды. Жылсоңына дейін тағы екі фильм - «Малефисента» және «Мұзды өлке 2»/«Холодноесердце 2» фильмдерінің кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейтін болады, ал келесіжылы қазақ тіліне «Walt Disney Pictures», «Pixar» және «Sony Pictures»студияларының тағы 7 фильмі дубляждау жоспарланған.

«Walt DisneyPictures» дауыстық базасына 100-ден астам қазақстандық актердің даусы енген.Қазақ тілі Blu-Ray-де көруге болатын Голливуд фильмдерінің 7 негізгі тілдерініңқатарына кірді.