Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, 54-ші Азия-Тынықмұхиттық Телерадиотарату одағы жиналысы аясында өткізіліп отырған халқаралық ән фестиваліне 14 елдің әншілері қатысты. Ержанов өз кезегінде қазақтың халық әні «Япурайды» шырқады.
31 қазан күнгі баспасөз мәслихатында отандасымыз қытайлық БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Оның келісті келбетін қытайлықтар өздерінің танымал әншісі Уаң Ли Хоңға (Wang Leehom) ұқсатып, «Қазақстандық Уаң Ли Хоң» атап үлгерді. Ал отандасымыз қытайлықтардың жылы лебізіне алғысын айтып, алдағы уақытта қытай тілін үйреніп, қытай сахнасында да өнер көрсеткісі келетінін жеткізді.