Бұл туралы продюсер Әділ Лиян өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлаған.
Лиян өз парақшасында: «Ол жақсы жігіт әрі жақсы әнші болатын. Жол апаты кезінде сөз байласқан сүйіктісімен бірге көз жұмды», - деп жазған. Қайғылы оқиға осыдан 2 күн бұрын болған.
Антон Самойлов отандық тыңдармандарға «Сүйем сені ғана» әнімен танылған еді. Талантты әнші көбіне лирикалық әндерді орындап, танымал болды.