Қазақстандық ардагер футболшылар «Аңыздар кубогында» қола жүлдеге таласады
Аталған турнирде қазақстандық ардагер футболшылар екі ойын өктізді. Алдымен Ресейге 4:8 есебімен жол берсе, одан кейін Жұлдыздар құрамасымен 4:4 есебімен тең ойнады.
Жұлдыздар құрамасы Ресейге 4:11 есебімен жеңілген еді.
Нәтижесінде қазақстандық құрама өз тобында үшінші орын алды. Енді олар 11 қыркүйекте үшінші орын үшін сайысқа түседі.
Айта кетсек, аталған турнир Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткізілуде. Биылғы жарысқа Қазақстаннан өзге Ресей, Түркия, Жұлдыздар және Бразилия құрамаларының бұрынғы ойыншылары қатысуда.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан біріншілігінде бес ойын өткізілді.
Фото: vk.com/kuboklegend