«Сақталған сауыт-сайман мен қару-жараққа қарағанда, бұл атақты рудың батыры және әйелі», - деді ASTANA TV арнасына Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев.
ДНҚ зерттеу үшін жапон генетиктері елімізге арнайы шақырылып отыр.
Сонымен бірге, археологтар Патшалар аңғарында, Берел жерінен б.з.д. IV-III ғасырға тән көптеген бірегей артефактілерді және патшалық отбасының бейітін тапқан болатын.