Қазақстандық армияға жас түлектер легі қосылды

АЛМАТЫ. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат – Қазақстан армиясына жас толқын, жаңа лек қосылды. Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлер әскери институтын бітіргені туралы оның 260 түлегіне дипломдар тапсырылды, түлектердің 23-і оқу орнын үздік бағамен аяқтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқуда жоғары көрсеткіштерге жеткен, мемлекеттік емтихандарда үздік нәтижелерге жеткен және қоғамдық өмірге белсене араласқан үш курсант «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісіне ие болды. Олардың есімдері жоғары оқу орнының Құрмет тақтасына жазылатын болады. Жас офицерлерге дипломдарды Құрлықтағы әскерлер әскери институтының бастығы, генерал-майор Сәбит Құдайбергенов, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және салтанатқа шақырылған қазақстандық армияның басқа да генералдары тапсырды.