21:16, 05 Мамыр 2009
Қазақстандық армияның құрылғанына 17 жыл толуына және Жеңістің 64 жылдығына арналған шаралар басталды
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Қарулы Күштерінде қазақстандық армияның құрылғанына 17 жыл толуына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Бүгін Алматыда Аэроұтқыр әскерлері әскери қызметшілерінен құрылған ақпараттық-насихаттық жасақ Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталында концерт қойды. Әскери әртістер бұдан кейін Алматы облыстық балалар үйінде және №32 қалалық орта мектепте өнер көрсетпек.