Қазақстандық әртістер футболдан әлем чемпионатында Голландияны ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Арт-Футбол» футболдан музыкалық фестивалі жалғасуда.

Қазақстан құрамасынң футболшылары өз квартетінде екінші орынға ие болып, Super Star тобына өтті, онда командалар бесіншіден сегізінші орындар үшін сайысқа түседі. Плей-офф матчында біздің отандастарымыз Нидерланды командасын 2:0 есебімен ұтты. Енді Қазақстан командасы 14 маусымда Беларусь-Словения кездесуінің жеңімпазымен бесінші орын үшін күреседі.

Бұған дейін топтық кезеңде біздің команда Қырғызстанмен тең ойнаған - 2:2, Кореяны 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Германиядан 0:2 есебімен жеңіліс тапты.