Оның айтуынша, Президентті ұлықтау күнін мереке деуге болады. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ музыкалық мәдениетінің қалыптасып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан адам. Сонымен қатар, Қ. Болмановтың айтуынша, Мемлекет басшысы кейбір отандық әртістердің өзі біле бермейтін халық әндерінің мәтіндерін жатқа айтады.
«Президент барлық халық әндерін өте жақсы біледі. Мәселен, мерекелерде ол қазақ әншілеріне қандай да бір әнді айтыңдар деп өтініш жасағанда, кейбіреуі әннің сөздерін естеріне түсіре алмай қалады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев бәрін біліп, айтып отырады. Сондықтан да ол біздің туған мәдениетімізге ең қанық адам деп есептеймін. Сол үшінде де біз, өнер адамдары, Президентімізді мақтан тұтамыз», - дейді Қ. Болманов.