Қазақстандық ару WorldTopModel байқауының үздік моделі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанна Хайрулина Германиядағы «WorldTopModel» конкурсында топ жарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақстан аруы» конкурсының ресми аккаунтына сілтеме жасап.

«Көкшетау аруы-2015» Жанна Хайрулина 25 қарашада Германияның Дюссельдорф қаласында өткен «WorldTopModel» байқауының үздік моделі атанды. Енді ол биылғы желтоқсанда Мажарстан астанасы Будапештте өтетін «WorldTopModel» халықаралық модельдер көрмесінде Германияның атынан шығады», - делінген хабарламада.

Қазір Жанна Хайрулина Германияның «Дюйсбург Эссэн» университетінің бұқаралық ақпарат құралдары факультетінде магистратурада оқиды. 

Публикация от Miss Kazakhstan (@misskazakhstan_official) Ноя 27 2017 в 5:43 PST