Басылымның мәліметінше, Кособуцкий бұл белбеуден «бас тартқан». Енді бұл белбеу үшін кубалық Хосе Лардуэта (7-0, 6 КО) мен сербиялық Душан Велетич (5-0-1, 3 КО) 19 ақпанда Гамбургте күш сынайды. Кособуцкий осы кеште бір класс жоғары титул үшін – дәл осындай, бірақ «Silver» деген атауы жоқ титул үшін француз Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) жекпе-жекке шығады.
Еске салайық, қазақстандық WBC International Silver титулын 20 қарашада доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) Гамбургте нокаутқа жібергені үшін иеленген болатын.