Қазақстандық Асқар Үмбетов Қытайда жекпе-жек ұрысында жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аралас жекпе-жек палуаны Асқар Үмбетов Қытайдың Хух-Хото қаласында X-FIGHT 13 әлемдік Гран-приінде жеңіске жетті. Бұл туралы Instagram-да Alem Fighters клубының парақшасында хабарланған.

«Құттықтаймыз! Біздің палуан Асқар үшінші раундтың 3-ші минутында қарсыласын сұлатып салды», - делінген таратылған хабарламада.

Асқар Үмбетов шотакан-каратеден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, самбодан, джиу-джитсу және панкратионнан ҚР чемпионы.