Қазақстандық әскери кәсіпорындар Russia Arms Expo 2015 көрмесіне қатысады
08:50, 04 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 және 12 қыркүйек аралығында Ресейдің Нижний Тагил қаласында өтетін Russia Arms Expo (RAE) әскери құралдар көрмесіне бес шетелдің әскери-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары қатысады, деп хабарлады Свердлов облысы губернаторының ақпараттың саясат департаментінен, деп жазады ТАСС.
"Көрмеге Беларусь, Қазақстан, Корея, Түркия мен Францияның 7 кәсіпорны келеді. Олар компьютерлік инженерия, электрондық-оптикалық құрылғы құрастыру, қорғаныс өнеркәсібіндегі жаңа жұмыстарын көрсетеді", - деді департаментте.
Бүгінде 160 компания көрмеге қатысатынын растады. Russia Arms Expo әлемдегі ірі әскери көрмелердің ондығына кіреді.
2015 жылы көрме оныншы рет өткізілгелі отыр. Көрме бағдарламасына мемлекеттік басқарудың бейінді органдарының басшылары, ірі шетелдік мамандар, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар қатысады.