Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазіргі уақытта Л.Губарева - әскерилендірілген көпсайыс бойынша ҚР Қарулы Күштері командасының тұрақты мүшесі. Ол көптеген республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысқан.
Әскери қызметшілер арасында өткен дүниежүзілік чемпионатта құрама құрамында Қазақстан армиясының намысын қорғаған. ҚР ҚК Спартакиадасында Людмила барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелер, өңірлік қолбасшылықтар әскери қызметшілері арасында ең үздік көрсеткіштер көрсетіп, әскерилендірілген кросста бірінші орынға ие болды.
Айта кетсек, дүниежүзілік әскери спорттық ойындар 1995 жылдан бастап Олимпиада ойындарының алдында төрт жылда бір рет ұйымдастырылады. 2011 жылы Рио-де-Жанейрода өткен ойындарда Қазақстан құрамасы 109 қатысушы-мемлекеттер арасында 11-ші жалпыкомандалық орынды иеленді. Алдағы ойындарға біздің құрамасыздың құрамына спорттың 7 түрінен (дзюдо, бокс, еркін күрес және грек-рим күресі, пентатлон, атыс, спорттық бағдарлау, замауи көпсайыс) 70-ке жуық әскери спортшыларды енгізу жоспарланып отыр.