«Болгарияның Русе қаласында «Дан Колов - Никола Петров» атты рейтингі жоғары күрестен халықаралық турнир өтті. Аталған бәсекеде Армия орталық клубының спортшысы Марина Седнева 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді», - деп жазылған комитеттің Фейсбук парақшасында.
«Күрес қиын, ымырасыз бәсеке болды. Мен үш белдесу өткіздім, осы орайда қарсыластарымның оңайға түспегенін айта өткен жөн. Жалпы өз нәтижеме көңілім толды. Енді 21-25 наурызда Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындықты күшейту қажет», - деді М.Седнева.
Айта кетсек, халықаралық турнирге 45 елден, 500-ден астам әскери спортшы қатысты. Жарыс болгар спортшылары Дана Колова мен Никола Петрованың құрметіне ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ол әлемдік күрес бірлестігі (UWW) күнтізбесіне кіреді.