ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әскери ұшқыштар, олардың алдында тұрған ауыр міндеттер және туыс-бауырдай жақындасып кеткен әскерилердің өмірі туралы жаңа сериал түсірілді. Түсірілім жұмыстары Талдықорғандағы Қазақстан Қарулы Күштерінің авиация базасында жүргізілді.
Сериал кейіпкерлері – Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары, ЖОО аяқтағаннан кейін әскер қатарында қызметін бастайтын оқу үздіктері. Олар аспанға қарай ұмтылады және оны бағындыруды армандайды.
Сериалдың алғашқы көрсетілімі қараша айында өтеді.