«2014 жылдың 12 айында гарнизондық әскери соттарда 335 қылмыстық іс қаралған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға аз деген сөз. Сондай-ақ, 287 қылмыстық іске үкім шығарылған, яғни бұл көрсеткіш те 2013 жылғы көрсеткіштен 15,3%-ға кеміген. Көрсетілген мерзімде 4 қылмыстық іс тергеуге жолданып, 42 адамға қатысты 37 іс өндірісі қысқартылды», - деп атап өтті ол.
Төрағаның айтуынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, 103 азаматтық іс тіркеліп, 3242 арыз түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артқан.