Жарыс мерейтой құрметіне ұйымдастырылып отыр. Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты бесінші рет өтеді. Турнирге 40 елден 200-ден астам мықты спортшы қатыспақ.
Олардың арасында қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлері, әлем және Еуропа чемпиондары, кәсіпқойлар арасында турнирлердің танымал спорт шеберлері (UFC) бар.
Қазақстанның Қарулы Күштерінен бұл жарысқа 2017 жылғы әскерилер арасында өткен халықаралық санаттағы қоян-қолтық ұрыс шебері, әлем чемпионы, аға лейтенант Сағын Қазыбек (55 кг), 2018 жылғы әлем чемпионы Тұрсын Аян (50 кг), 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Сора Рахмонова (70 кг), 2017 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Регина Максимова (75 кг) қатысады.