Қазақстандық әскерилер Ресейде өткен спорттық жарыста үшінші орынды олжалады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Суворов дивизиясының 76-шы десант аумағында «Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысушы әскери қызметшілер арасында спорттық жарыстар өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды иеленді.

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

Таңертең спортшылар жарысты әскери қолданбалы спорт түрі - граната лақтыру сайысы бойынша ашты. Осы серпілістен кейін қатысушылар армия генералы В.Ф. Маргелов атындағы «Жауынгер» спорт залына орналастырылып, спортшылар гір тасын көтеруден, белағаштағы сыннан, волейбол ойынынан жарыстар өткізді.

Сонымен қатар қазақстандық мерген әскери қызметшілерден құралған команда электронды жаттығу құрылғысында классикалық атыс бойынша сайысқа қатысты. Қазақстандық әскерилер 100 метрге жүзуден және 4 және 50 метр аралығында эстафета жарысы бойынша жүзу спортынан қарсыластарына есе жіберді.

Бұдан басқа Қазақстанның мәдениет күні өткізілді. Осы орайда біздің әскери қызметшілер Қазақстанның тарихы және қазіргі дамуы туралы әңгімелейтін радиохабар жүргізіп, сондай-ақ тақырыптық көрме мен оқу-жаттығуға қатысқан әр елдің әуені шырқалған концерт ұйымдастырды.