деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кітап «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі запастағы генерал-майор, кеңес президиумы төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті мүшесі Тұрсын Айжолов пен запастағы полковник, заңгер Айболат Құрманбайдың құрастыруымен шығарылған.
«Бұған дейін әскери бөлімдерде, әскери оқу орындарында, әскери гарнизондарда, аймақтық басқармаларда тәжірибелік конференциялар өткізілді. Сондай-ақ әскерилердің ұсыныстарын ескере отырып, еліміздегі заңдарға сараптама жүргізу нәтижесінде аталған еңбек жарыққа шықты», дейді Тұрсын Айжолов. Шығармада бұнымен қатар қазақстандық әскерилердің құқығы бағытындағы заңдарды жетілдіру туралы ұсыныстар мен Ресей Федерациясы, Беларус Республикасының заңдарына салыстырмалы зерттеу, әскерилердің басылымдарда жарияланған мақалалары берілген. «Кітап әрбір қазақстандық әскер үшін таптырмас құрал болып табылады», дейді кітапты құрастырушылар.
Олардың айтуынша, екінші бөлімі де шығарылады. Өйткені әскерилерді әлеуметтік қорғау күн тәртібіндегі мәселенің бірі. «Әскерилерді әлеуметтік қорғау жөніндегі заң 1993 жылы қабылданған болатын. Қазір бұл заң бірқатар мәселелер бойынша ескірді. Уақыт өзгеріп отырады. Сондықтан оны жаңарту керек», деген пікірде Т.Айжолов.