Естеріңізге салайық, 2003 жылы американдық бақылаушылар диаметрі 1,4 километр құрайтын астероидті ашты. Болжам бойынша, аталған астероид Жермен 2014 жылғы 21 наурыз күні қақтығысып қалуы мүмкін болатын. Алайда, Қазғарыш қарамағындағы ұйымының құрамына кіретін Василий Фесенков атындағы астрофизикалық институттың Ай мен планеталар физикасы зертханасының басшысы Виктор Тейфельдің мәлімдемесіне сәйкес, аталған аспан денесі ешқандай қауіп төндірмейді. Қазғарыш баспасөз қызметінің мәліметінше, астероид 26 наурыз күні Жерге тимей, одан Айға дейінгі қашықтықтан 49,9 есе көп қашықтықта өтіп кетеді.
13:56, 28 Ақпан 2014
Қазақстандық астрофизик ақырзаман туралы қауесетті жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық астрофизик жақын арада астероидтің құлауынан болатын ақырзаман туралы қауесетті жоққа шығарды.