Қазақстандық атқыштардың Әлем кубогындағы табыстары

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат – Қытай астанасы – Бейжіңде аяқталған нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңінде «шағын калибрлі тапаншадан» атудан қазақстандық Рашид Юнусметов жалпы саны 660,5 (568+92,5) балл жинап, жеңімпаз атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің штаттық ұлттық командалар және спорт резервтері комитетіне сілтеме жасап. Бұдан бір апта бұрын біздің атқыш Юлия Бондаренко Чангвондағы (Корея) Әлем кубогы кезеңінде екінші орынды иеленген болатын.