Келісімге орай Abacus-тың брондау жүйесін пайдаланатын туристік агенттіктер SCAT әуе компаниясының бүкіл рейстері мен тарифі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл қызмет олар үшін тегін. «Біз үшін Abacus брондау жүйесіне қосылу серіктестер мен тұтынушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді», дейді SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов.
Үш жылға бекітілген мәміле биылғы жылдың 4-ші тоқсанында күшіне енеді.
ҚазАқпарат анықтамасы: Abacus International Pte Ltd штаб пәтері Сингапурда орналасқан. 24 елдің 20 мыңнан астам агентіктеріне әуе, туризм бизнесі бойынша брондау, ақпарат беру қызметін көрсетеді. Филиппин елінің Philippine Airlines, Қытайдың China Airlins, Малайзияның Malaysia Airlins, Сингапурдың Singapore Airlins сынды ірі әуе компанияларымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
SCAT әуе компаниясы 1997 жылы құрылған. Бас кеңсесі Шымкентте орналасқан. Негізінен Қазақстанның ішкі әуе рейстерін жүзеге асырады. Сондай-ақ Мысыр, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан, БАӘ, Өзбекстан, Армения, Грузия, Ресей мен Түркияға әуе рейстері бар.