Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/wf_rk
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145 176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді.
Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137 168) 305 кг нәтижемен чемпион атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Таисия Алексееваның күміс алғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).