Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында «алтын» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 89 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде 360 кг. (165+195) қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өзінің Facebook -парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметі бойынша, осы сында екінші орын Корея Республикасының өкілі Енг Хунге 324 кг (142 182) бұйырды.

Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Хакимжон Шамшитдинов 323 кг (144 179) иеленді.