АСТАНА. ҚазАқпарат - Албанияның Бурдеси қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Никита Абдрахманов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Н.Абдрахманов 102 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 369 (164 205) кг нәтиже көрсетті.
Дүниежүзілік додаға әлемнің
57 елінен 268 спортшы қатысуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтың ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).