Алты күн бойы қазақстандық ауыр атлетшілер әлемнің 40-тан астам елінен жиналған спортшылармен бақ таластырды.
Жарыстар қорытындысы бойынша, отандық команда екі алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, «алтын» Альберт Линдер (69 келі) мен Надежда Ногайға (69 келіден жоғары), «күміс» Аят Әмірбековке (77 келі) және «қола» Михаил Макеев (62 келі) пен Зелімхан Әбубәкіровке (94 келіден жоғары) бұйырды.
Ұлдар командасы жалпыкомандалық үшінші орынды иеленіп, 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өтетін ІІ Жасөспірімдер олимпиадасына екі лицензия жеңіп алды. Қыздар командалық біріншілікте алтыншы орынға табан тіреп, Қытайдағы аталмыш жарыстарға сондай-ақ екі жолдаманы қанжығаларына байлады.