НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол 102 келі салмақта бақ сынады. Қоссайыстың қорытындысымен спортшымыз 348 (157 191) келіні көтерді.
Күміс медаль өзбекстандық Кудратбек Салимжоновқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет түйіндеді.
Бұл – қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатынан алған төртінші алтын медалі.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.