НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқу-жаттығу жиыны 24 қаңтарға дейін жалғасады.
Оған Нижат Рахимов, Игорь Сон; Зульфия Чиншанло, Раушан Мешітханова, Арли Чонтей секілді сынды танымал ауыр атлеттермен бірге жастар арасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген спортшылар шақырту алған.
Атап айтқанда, олардың қатарында Рахат Бекболат, Ақмолда Сайрамкез, Абылай Әуелханов, Сайхан Тайсуев, Гүлнұр Ыбырай, Айзада Мүптілдә, Артем Антропов, Айсамал Сансызбаева, Карина Кузганбаева, Нұрғиса Әділетұлы, Екатерина Быкова, Аиша Омарова, Александр Уваров сынды спортшылар бар.
Ауыр атлеттер Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында дайындығын пысықтайды.
Айта кетейік, Алматыда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.