Қазақстандық ауыр атлеттер Румынияда жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусымның 16-22-сі күндері Румынияның Бухарест қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда қазақстандықтар 4 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынамақ. Бұл дүбірлі додада ел намысын қорғайтын 7 атлеттің төртеуі - қызылордалықтар. Олар - 85 килә салмақтағы Мирас Қожахметов, 94 киләдағы Роман Русяновский мен Альберт Хакимурин және 105 киләдағы Айбол Алдабергенов. Бапкерлер бұл сайыста өзге өңірлерден тек 77 киләдағы қарағандылық Роман Кулик пен Александр Дзюбаны және 85 киләдағы алматылық Тахир Халматовты қосып отыр. Жалпы ұлттық құрама сапындағы спортшылардың ішінде бұған дейін Роман Кулик 2008 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанса, Роман Русяновский Әлем чемпионатында үш рет жеңімпаз болды.