НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткізілді. Дүбірлі додада қазақстандық ауыр атлеттер 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иегері атанды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орын алды .
Әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Едіге Емберді (73 келі), Денис Полубояринов (80 келі), Никита Абдрахманов (102 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Ал Надежда Ли (62 келі) күміс алса, Александра Беленко (40 келі) және Ерасыл Омаров (55 келі) қола жүлдеге қол созды.
Жалпы командалық есепте Колумбия және Түркия құрамалары үздік үштікке жайғасты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.