WBA Gold тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы атақты жеңіп алған Қоңқабаев тоғызыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Оның үстінде қазір рейтингте Юниэль Дортикос (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев желтоқсан айының ортасында Алматыда өткен бокс кешінде британдық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) техникалық шешіммен жеңіп, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.