Отандық «Панданың» қарсыласы америкалық Шон Миллер (18-6-1, 7 КО) болуы тиіс. Ол бұған дейін бірінші ауыр және жартылай ауыр салмақтарда IBF International және WBC International титулына үміткер болған. Алайда, айқасқа бірнеше сағат қалғанда америкалық боксшының жарақатына байланысты тоқтатылған еді.
BoxRec.com ақпаратына сәйкес, енді бұл жекпе-жек екі айдан кейін, 20 қарашада өтеді. Өтетін орны бұрынғыдай қалды.
Еске салайық, Серік Мұсаділов соңғы рет рингке 9 шілдеде Майамиде шыққан еді. Ол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен америкалық Ламонта Кейперсті (11-15-5, 2 КО) жеңіп, крузервейттегі бос тұрған NABA чемпионы титулын иеленді.