деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысымен бекітілген 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығын мерекелеуге дайындалу және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында тұрақты жолаушылар тасымалын орындайтын Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары ардагерлердің (ҰОС-на қатысушыларының-мүгедектерінің және оларға теңестірілген тұлғалардың) тегін ұшуын қамтамасыз ететіндігін хабарлайды. «Эйр Астана» және «SCAT» авиакомпанияларында ардагерлер үшін тарифтен 100 пайыз жеңілдік тұрақты көрсетіледі, сондай-ақ ардагерлермен бірге жүретін адамдарға ағымдағы жылғы мамырдың 1-і мен 31-і аралығында тарифтен 50 пайыз мөлшерінде жеңілдік ұсынылады», делінген Көлік жәнге коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, республика әуежайлары бұл кезеңде ардагерлерге, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға VIP және CIP залдары арқылы тегін қызмет көрсетеді.