Олар бұндай бағаны сертификаттау жөніндегі аудит нәтижесінде беріп отыр. Гарманиялық ұйым қазақстандық көлік құрастырушы компанияның өндірістік, сервистік және әкімшілік құрылымдарын тексерген. Тексеру барысында аталған стандартқа сәйкес емес бірде-бір кемлішік анықталмаған. TÜV Thuringen e.V. қорытынды есебінде қазақстандық компанияның 2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда барлық бағытта дамығандығын атап өткен.
Еске сала кетейік, «Азия-авто» 2003 жылы құрылған Қазақстандағы ең ірі жеңіл автокөлік өндіруші. қазіргі кезде компания конвейерінде Skoda (Fabia, Octavia, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze Sedan, Epica, Lacetti Sedan, Lacetti Hatchback), Lada 4x4, KIA (Sorento, Mohave, Cerato, Sportage, Soul, Cadenza, Optima) автокөліктері құрастырылады. 2004 жылдан бері өнімдері ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкестендірілген. Компанияның автоқұрастыратын үлкен кешені жобасы еліміздің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген.