Қазақстандық автошабандоздар Катардағы Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысуда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҒІА (Халықарвалық автомобиль федерациясы) раллиінің кросс-кантри бойынша Әлем Кубогының үшінші кезеңінде бүгін қазақстандық «MobilEx Racing Team» командасы Дохада жарыс жолына шығады. Бұл туралы «MobilEx Racing Team» баспасөз қызметі хабарлады.

Катар уақытымен 08.30-да (Астана уақытымен 11.30-да) жарыс басталады. Алғашқы кезеңдегі Лосейл Сёркэт - Аль Зубара (Loseil Circuit - Al Zubara) жолының ұзпақтығы 410 шақырым. Кеше олар техникалық және әкімшілік комиссиялардан ойдағыдай өтті.

№207 экипаждва жүргізуші Юрий Сазонов (Қазақстан) және штурман Дмитрий Цыро (Украина ) бар. Автомобиль Hummer H3 Evo VIII, санатыT1.1 «Біз бұған дейін шабандоздар ондығына кірген едік, енді бестік қатарынан көрінуді мақсат етіп отырмыз». - дейді Юрий Сазонов.

№211 экипажда жүргізуші Ерден Шағыров (Қазақстан) мен Виталий Евтехов (Украина). Автомобиль Hummer H3 Evo V, спанаты T1.1. Олар алғаш рет жарыс жолына бірге шығып отыр. Ерден Шағыров үшін бұл Катардағы бесінші марафон.