Онда аға бапкер Сергей Боровский жетекшілік еткен Қазақстан құрамасы «В» тобында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олар топтық кезеңде Қырғыз командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Онда «Шахтер» командасының қақпашысы Сергей Ткачук қорғаған Қазақстан қақпасынан қырғыздар 1 рет ғана саңылау тапты. Ал оның есесіне қазақстандықтардан шабуылшылар Стаслав Лунин мен Роман Мұртазаев (екеуі де «Шахтерден») және жартылай қорғаушы Исламбек Қуат («Астана») үш рет қырғыз қақпашысы Руслан Жаныбековті («Дордой») қапы қалдырды. Бұл ойында қазақстандықтар сапынан Сергей Ткачук, ал қырғызстандықтар тарапынан қорғаушы Валерий Кичин («Дордой-2») үздік ойыншы атанды.
Қазақстандықтар енді келесі ойынын жексенбі күні Өзбекстан құрамасымен өткізетін болады. Олар алғашқы ойында Ресей құрамасымен 2:2 есебімен тең түскен болатын.