Қазақстандық азамат АҚШ-та өткізілген Полицейлер мен өрт сөндірушілердің дүниежүзілік олимпиадасында екінші орынды иеленді

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Күш құрылымдары арасындағы самбодан әлем чемпионы, дзюдодан Еуропа чемпионы, самбодан Азия чемпионы, Астана қалалық жол полициясының капитаны Талғат Қожабаев Нью-Йорктың қала маңы аумағында өткізілген полицейлер мен өрт сөндірушілердің дүниежүзілік олимпиадасында екінші орынды иеленді, деп хабарлады елорда ІІД ЖПБ баспасөз қызметі.

«Мәңгілік тағзым мен алғыс». Осындай ұранмен 26 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Нью-Йоркта ХІҮ Дниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындары өткізілді.

Бұл ойындарға 85 елден 20 мыңға жуық спортшы қатысты. Олардың ішінде Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де, Әлем кубогының иегерлері де болды.

Ойындар спорттың 67 түрінен өткізілді.