Қазақстандық азамат шекарадан өту кезінде есірткімен ұсталды
21:00, 14 Мамыр 2009
ОРАЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Сырым» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары шекарадан 3 килә есірткі алып өтпек болған Қазақстан азаматын қолға түсірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Есірткі «Ниссан-Максима» автокөлігінің салонынан табылған. Жиырма жасар жігіт БҚО-мен көршілес Самара облысына бара жатқан.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.